Осы редакция 2011 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру»
1. Осы «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру» стандарты (бұдан әрі - стандарт) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер беру рәсімін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) айқындайды. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабы, 43-бабының 9-тармағы, 152-бабы, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы және «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының 70-тармағы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген тиісті мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|