Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ДК), планшетті дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ПлДК), ноутбуктерді, бейнетерминалдарды (бұдан әрі - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлардың әсеріне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейді.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|