Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражат бөлу; 2) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау министрлігі бөлінетін соманы заңнамада белгілеген тәртіппен аударуды қамтамасыз етсін. 3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|