Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын қалпына келтіргенге дейін Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 25-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны уақытша жеке куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) азаматтарды тіркеу екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы жүргізіледі. Уақытша жеке куәлікті беру үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Растайтын құжаты төлем туралы түбіртек немесе «электронды үкіметтің» төлем шлюзы арқылы берілетін төлем туралы чек болып табылады. Уақытша жеке куәлік бергені үшін: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар; «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағат үзіліспен, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: жазбаша арызын, 3,5х4,5 см. көлемде бір фотосуретін, уақытша жеке куәлік үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын түбіртегін ұсынады. 13. Бланкті толтыру талап етілмейді. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» атқаратын функциялары мен оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде Орталық инспекторы құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді, журналға тіркейді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына тапсыруды жүзеге асырады. Жинақтаушы бөлімнің инспекторы құжаттарды жинап, тізілім жасап, уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады. Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттарымен уәкілетті органға және кері қарай жеткізуді осы құжаттар қабылданған күні курьерлік байланыс арқылы күніне кем дегенде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган орталықтан құжаттар пакетін алған соң, оның осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, уақытша жеке куәлікті толтырады және Орталыққа құжаттарды жіберуге тізілім жасайды. Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсу керек. 15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны және атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; 4) 1-нысан арызын қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. 16. Дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Егер тұтынушы мерзім ішінде құжаттарды алуға келмеген жағдайда, Орталық оның бір ай мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайтарады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуден қателіктерді анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарады. Орталық дәлелді бас тартуды алған соң бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себептері көрсетілген жазбаша негіздемесін береді.
18. Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
21. Уәкілетті орган қызметкерінің және Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген. 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Қаралған шағымдардың нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
24. Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес анықталады. Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, сондай-ақ, ресми ақпараттар кездерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшаларында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|