Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың (2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік (қайта тіркеу) тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - тіркеуге, бизнес сәйкестендіру нөмірін, тіркеу нөмірін бере отырып, оларға мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті беруге ұсынылған құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, діни бірлестіктер, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне және Филиалдар мен өкілдіктердің бірыңғай тізіліміне енгізу рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізінде көрсетіледі. 1) республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында әрекет ететін діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді; діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жайда жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, 907-кабинет, телефоны 74-09-30. 2) тиісті облыстағы жергілікті діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді (Діни істер комитетінде тіркелуге тиістілерден басқасы) мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны БСН берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, салық төлеушінің куәлігін (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) беру болып табылады. 6. Мемлекеттік тіркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметінің түріне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердің) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық діни бірлестіктер жатады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға құқықтарын алмай-ақ есептік тіркелуге тиіс. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талонды алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап (құжаттар қабылданған күн мен берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді): 1) діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, тіркеуші органға өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі; 2) Комитетке жүгінген кезде: құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды; құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды. 3) Орталыққа жүгінген кезде: құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе құжатты ұсыну жолымен көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтың үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады. 10. Комитетте демалыс және мереке күндерін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Орталықтарда мемлекеттік қызмет мейрам және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметтер мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған Комитетте көрсетіледі. Кабинетте ақпараттық анықтама, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар. Осы стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметтер, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу үшін Орталыққа мынадай құжаттар ұсынылады: - тіркеу туралы өтініш; - құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғы; - жарғыны қабылдаған жиналыстың (конференцияның, съездің, құрылтайдың) нөмірленген, тігілген, уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған хаттамасы; - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген діни бірлестікті құрған бастамашы азаматтардың тізімі; - тегі, аты, әкесінің аты, сайлаудағы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефондары көрсетілген діни бірлестіктің басқарушы органы мүшелерінің тізімі; - тұрғылықты жерін растайтын құжат; - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрде, үш данада ұсынылады. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі. Діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттар мыналар болуы мүмкін: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүргізілген тіркеу туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырған келісімі табыс етіледі. Республика шеңберінен тыс басқарушы орталығы бар діни бірлестік қосымша: мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығы жарғысының көшірмесін; діни орталық өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған, нотариалды куәландырылған тізілімнің үзінді көшірмесін немесе басқа құжат ұсынады. Діни басқармалар (орталықтар) негізін салған діни оқу мекемелерінің, мешіттердің, монастырьлардың және басқа да діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді. Тіркеу үшін діни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының оларды құру туралы шешімі ұсынылады. 12.1 Филиал (өкілдік) есептік тіркеу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады: Діни бірлестіктердің филиалы немесе өкілдігі: - есептік тіркеу туралы өтініш; - заңды тұлға органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже; - филиал (өкілдік) басшысына діни бірлестік органы берген сенімхат; - діни бірлестіктің мөрімен бекітілген филиал (өкілдік) құру туралы діни бірлестіктің шешімі; - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші куәлігінің көшірмелері; - діни бірлестік жарғысының көшірмесі; - орналасқан жерін растайтын құжат; - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат. Шетелдік діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі: - есептік тіркеу туралы өтініш; - діни бірлестіктің органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже; - филиал немесе өкілдік басшысына діни бірлестік органы берген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге нотариалды куәландырылған сенімхат; - мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды куәландырылған діни бірлестіктің филиал (өкілдік) құру туралы шешімі; - Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашып отырған субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды куәландырылған, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе заңдастырылған басқа құжат; - діни бірлестіктің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі; - орналасқан жерін растайтын құжат; - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 12.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12.2 Діни бірлестіктікті, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік қайта тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынады: - қайта тіркеу туралы өтініш; - құрылтай құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы уәкілетті органның мөрі қойылған шешімі немесе шешімнен үзінді көшірме; - өзгерістер (толықтырулар) енгізілген құрылтай құжаттары. Бұл ретте өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тәсілмен: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда жасау не өзгерістерді (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрде ресімдеу жолымен жүргізілуі мүмкін. Егер құрылтай құжаттары заңға сәйкес нотариалды куәландыруға жататын болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалды куәландырылуы тиіс; - бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары; - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің түпнұсқалары; - заңды тұлғаларды қайта тіркегені үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат; - заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері ұсынылады. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тіркеуші органға мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және салық төлеуші куәлігінің көшірмелері ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың тізімі қайта тіркеудің барлық жағдайларын өткенде ұсынылады. Қайта тіркеудің негіздемелеріне байланысты заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеуші органға басқа құжаттарды ұсынуы тиіс. 13. Комитетте бланкілер кабинеттегі арнайы тағанда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдаушы қызметкерде болады. Орталықта бланкілер Орталықтың күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады. 14. Комитетте құжаттарды қабылдауды маман жүзеге асырады. Комитет маманы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжатты орындайтын маманды анықтау үшін Комитет басшылығына беруді жүзеге асырады. Комитет құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде тіркеу рәсімін жүргізеді. Орындалған (дайын) құжаттар тұтынушыға қолма-қол беріледі. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» мақсатты және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі. Орталық инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына беруді жүзеге асырады. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жүргізуді және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады. Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері қайтаруды осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде тіркеу рәсімін жүргізеді. Қарау нәтижелері бойынша орындалған құжаттар тұтынушыға тапсыру үшін Орталыққа жолданады. Орындалған (дайын) құжаттар тіркеуші органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі біткенге дейін бір күн бұрын түсуі тиіс. 15. Құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілген күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті инспектордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Комитетте тұтынушыға дайын құжаттарды беруді онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде күнделікті құжаттарды беруді жүзеге асыратын маман жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Комитет олардың тұтынушы талап өткенге дейін сақталуын қамтамасыз етеді. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталық инспекторы «терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде, осы стандарттың 10-тармағына сай онда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді. 17. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімі үзіледі. Уәкілетті орган осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде мерзімнің үзілісі туралы негізделген бұйрықпен құжаттарды жазбаша түрде Орталыққа қайтарады. Сараптама сарапшыға (сарапшыларға) сараптама объектісін ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Сараптаманы жүргізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптаманы жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін. Сараптама қорытындысын алған соң уәкілетті орган сараптаманың нәтижелері туралы тұтынушыны хабардар етеді. Уәкілетті орган мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге сұрау салулар жіберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетеді. Шетелдік мемлекеттік органдарға, халықаралық ұйымдарға тиісті сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. Діни бірлестікті құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы не бір айлық есептік көрсеткіштен астам салық берешегінің болуы, сондай-ақ, егер құрылтайшысы жұмыс істемейтін заңды тұлға болған жағдайда және (немесе), егер азаматтар - діни бірлестіктің бастамашысы және (немесе) басшысы жұмыс істемейтін заңды тұлғаның құрылтайшылары және (немесе) басшылары болып табылса және (немесе) іс-қимылға жарамсыз немесе іс қимылға жарамдылығы шектеулі және (немесе) із-түзсіз жоқ болып танылса және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады. Тіркеуші орган діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартқан жағдайда осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде оған тапсырған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме қамтылған уәжделген бас тартуды береді. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
18. Комитеттің және Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық, Комитет басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атына беріледі. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың және Комитеттің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағым Комитет басшысының атына беріледі. Комитет басшысының мекен-жайы мен телефоны осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген. Шағым Орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Арыз иесіне шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
24. Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген Комитеттің жұмыс регламентіне сәйкес айқындалады. Орталықтар басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген. Орталықтар басшыларының және уәкілетті органдардың байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні |