|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»
1. Азаматтық хал актілерін тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын мән-жайларды заңдық ресімдеу рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті (тууды, неке қиюды, некені бұзуды, әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді, қайтыс болуды тіркеу) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ (тууды, некені бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу) мекенжайлары осы стандарттың 1, 1-1-қосымшаларында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: уәкілетті органға жүгінген кезде: Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды; әкелікті анықтауды; бала (қыз) асырап алуды; сот шешімінің негізінде неке бұзуды; белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды; қайтыс болуды тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, басқа органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады. Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде тууды; неке қиюды; кәмелетқе толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша неке бұзуды; тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік-қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылады. 1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды; 2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды. Орталыққа жүгінген кезде: Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды; сот шешімінің негізінде неке бұзуды; белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады. Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде тууды; кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша неке бұзуды; тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылады. 1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды; 2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді ол: 1) тууды, әкелікті анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала (қыз) асырап алуды, қайтыс болуды тіркегені үшін - алынбайды; 2) некеге тұруды тіркегені үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш; 3) сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркегені үшін - 1,5 айлық есептік көрсеткіш; 4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш; 5) белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркегені үшін - 0,1 айлық есептік көрсеткіш; 6) тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерткенін тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш; 7) шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алғанын тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш. Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы тиісті аумақтық бөліністің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлем құжаттары беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы берілген төлем туралы чек). Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін; 3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер ауыстырылып берілгені үшін; 4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлікті қайтадан бергені үшін растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органға жүгінген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзілісімен аптасына бес күн көрсетіледі. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, түскі 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен жүзеге асырылады. Орталыққа жүгінген кезде: жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, Орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз аптасына алты күн көрсетіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Уәкілетті органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкілер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін; 3) ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі немесе некеге тұрмаған анасының өтінішін; 4) туу туралы емдеу мекемесінің анықтамасын немесе кемінде екі куәгердің айғағын ұсынады. Заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде қосымша мынадай құжаттар беріледі: 1) туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы баланың туған жері бойынша аумақтық әділет органының анықтамасы; 2) оның тұратын жері бойынша баланың денсаулығы туралы медициналық анықтамасы. Ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 4-қосымшасы); 2) баланың туу туралы куәлігі; 3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; Сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 4-1-қосымшасы); 2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) әкелікті анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі; 4) баланың туу туралы куәлігі. Бала (қыз) асырап алуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 5-қосымшасы); 2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі; 4) баланың туу туралы куәлігі; 5) бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) бала (қыз) асырап алушылардың неке қию туралы куәлігінің көшірмесі. Егер бала (қыз) асырап алушылар шетелдіктер болған кезде, онда қосымша бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты беріледі. Неке қиюды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 6-қосымшасы); 2) некеге тұратын тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты; Егер заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту не ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат беріледі. Егер некеге неке жасына толмаған тұлғалар тұратын кезде заңды өкілдерінің келісімдері беріледі. Сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-қосымшасы); 2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) неке бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі; 4) бюджетке мемлекеттік баж төлеген мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-1-қосымшасы); 2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) неке қию туралы куәлік; 4) құжаттарды беру кезінде - некені бұзу үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеген мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты. Белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-2-қосымшасы); 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) сот шешімінің не сот үкімінің көшірмесі; 4) неке қию туралы куәлік; 5) бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 8-қосымшасы); 2) өтініш берушінің туу туралы куәлігі; 3) егер өтініш беруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлігі; 4) кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлігі (егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса); 5) бала (қыз) асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік (егер азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұлар тіркелген болса); 6) некенің бұзылуы туралы куәлік (егер өтініш беруші некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса); 7) өтініш берушінің 3x4 мөлшерінде 2 фотосуреті; 8) өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаяны; 9) жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (әскери қызметшіден - оның жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлік). Қайтыс болуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 9-қосымшасы); 2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат; 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат беріледі. Қолданыстағы неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне енетін тұлғаларға беріледі. 13. Өтініштер бланкілері уәкілетті органның тиісті кабинетінде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағандарда немесе Орталықтың консультанттарында болады. 14. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады. Тұтынушы тікелей жүгінген кезде уәкілетті органның маманы азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттарды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келуін тексереді; азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтініш берушіге тиісті түсініктемелер мен кеңестермен қайтарылады; азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтінішті арнайы есепке алу журналында тіркейді; қажет кезде тиісті органдарға сауал жолдайды; азаматтық хал актісін тіркейді; дайын құжатты тұтынушыға табыс етеді. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың журналда тіркелуін және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады. Орталық қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшін Орталыққа жолдайды. Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсуі тиіс. 15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сауалды қабылдаған күні; 2) қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы; 3) құжаттарды беретін күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға: 1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі; 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. 16. Дайын құжаттарды беруді тұтынушы жүгінген кезінде уәкілетті органның маманы жүзеге асырады. Тұтынушыға дайын құжаттар беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда уәкілетті орган, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Уәкілетті орган Орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателерді анықтаған кезде, не осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді. Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алған соң бір жұмыс күнінің ішінде тұтынушыға мәлімдейді және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдерін береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті органда құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
18. Уәкілетті органның және Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру үшін және шағым дайындауына көмек көрсету үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 1-1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның басшыларына жүгінеді. Орталықтың инспекторларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы ала алады. 22. Шағымдар уәкілетті органның, Орталықтың басшыларының атына ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе кеңсе арқылы қолма қол жұмыс күндерінде қабылданады. Уәкілетті органның, Орталықтардың басшыларының мекен-жайлары және телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Шағымды қараудың нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы жолданады.
24. Уәкілетті орган басшыларының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері уәкілетті органның, Орталықтың осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. Уәкілетті органның және Орталықтың байланыс телефондары, мекенжайлары 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның, Орталықтың ғимараттарындағы стендтерге орналастырылады. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы http//www.minjust.kz.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
«Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-1-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |