Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 Қаулысымен күші жойылды
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді. Қазақстан Республикасының салық органдары Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген. 2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы, 574-576-баптары негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады. Мемлекеттік қызмет стандарты: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде; 2) салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: тіркеу есебіне тұрған, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген, тіркеу карточкасын ауыстырған кезде - белгіленген нысан бойынша тіркеу карточкасын (бұдан әрі - тіркеу карточкасы) беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|