Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 Қаулысымен күші жойылды
«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді. Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген. 2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы, 644-650-баптары негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады. Мемлекеттік қызмет стандарты: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде; 2) салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) компьютерлік жүйе болып табылмайтын БКМ есепке қою бойынша: фискалдық жұмыс режимі орнатылған, салық органының пломбасы қойылған БКМ; белгіленген нысаны бойынша тіркеу нөмірі бар БКМ тіркеу карточкасы; салық органының лауазымды тұлғасының қолымен, басшысының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақша есебінің және тауар чектерінің кітаптары; не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту; 2) компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ есепке қою кезінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|