Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы бекітілсін. 2. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысудың мемлекеттік үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік кәсіпорындарды басқаратын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылғы бірінші қаңтардан бастап мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 672 қаулысымен бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|