<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ ҚР 16.04.97 Ж. № 94-1 ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Тұрғын үй қатынастары туралы
1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1 Бөлiм

(1 - 10-4-баптар)

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 10 баптар)

  • Показать изменения

2 Бөлім

(11 - 30 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығын алу

(11 - 17 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары

(18 - 22 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалдау

(23 - 27 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының тоқтатылуы

(28 - 30 баптар)

  • Показать изменения

3 Бөлім

(31 - 66 баптар)

  • Показать изменения

6-тарау. Кондоминиум

(31 - 41 баптар)

  • Показать изменения

7-тарау. Кондоминиум объектісін басқару

(42 - 51 баптар)

  • Показать изменения

8-тарау. Тұрғын үй жӘне тұрғын үй-құрылыс кооперативтері

(52 - 66 баптар)

  • Показать изменения

4 Бөлiм

(67 - 114 баптар)

9-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру

(67 - 70 баптар)

  • Показать изменения

10-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі

(71 - 79 баптар)

  • Показать изменения

11-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаушылардың құқықтары мен міндеттері

(80 - 96 баптар)

  • Показать изменения

12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу

(97 - бап)

  • Показать изменения

13-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің және оны пайдаланудың ерекшеліктері

(98 - 101 баптар)

  • Показать изменения

14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару

(102 - 108 баптар)

  • Показать изменения

15-тарау. Қызметтік тұрғын үйлерді және мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелерді пайдалану

(109 - 114 баптар)

5 Бөлiм

(115 - 116 баптар)

  • Показать изменения

16-тарау. Тұрғын үй беру жөніндегі шарттық міндеттемелер

(115 - 116 баптар)

  • Показать изменения

6 Бөлiм

(117 - 121 баптар)

17-тарау. Өтпелі ережелер

(117 - 121 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен «мемлекеттік қажеттер», «мемлекеттік қажеттіліктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды және «бөлек (жеке-дара)», «бөлек (жеке)», «өзіндік (дара)», «бөлек», «бөлек (өзіндік)» деген сөздер «дара (бөлек)» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1 Бөлiм

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен:

1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

  • Показать изменения

2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

  • Показать изменения

3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

  • Показать изменения

5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

07.06.99 ж. № 391-I  ҚР Заңымен; 2006.07.07 № 182-III  ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III  ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) ;  2007.22.05. № 255-III  ҚР Заңымен (бұр.ред. қара)  2-бап өзгертілді;   2007.06.07  № 276-ІІI  ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара)  2-бап жаңа редакцияда; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап.  Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;

  • Показать изменения

2) дара (бөлек) меншік - тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі;

  • Показать изменения

3) жазбаша сауалнама - кондоминиум объектісін басқаруға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты шешімдер қабылдау үшін қайтадан жиналыс өткізілгенге дейін жазбаша нысанда жүзеге асырылатын кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының  пікірін анықтау;

  • Показать изменения

4) жалдауға беруші (жалға беруші) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

  • Показать изменения

5) жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);

  • Показать изменения

6) жалдаушы  (жалға алушы) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

  • Показать изменения

7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;

  • Показать изменения

8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай;

  • Показать изменения

9) жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;

  • Показать изменения

10) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

  • Показать изменения

11) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

  • Показать изменения

12) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын  және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

  • Показать изменения

13) кондоминиум объектісі қатысушыларының жиналысы - үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылау және қабылдау үшін алдын ала белгіленген жерде және белгілі бір уақытта бірлесіп қатысуы;

  • Показать изменения

14) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

15) кондоминиум объектісін тиісті дәрежеде күтіп-ұстау - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тіреуіш конструкцияларының мерзімінен бұрын тозуының алдын алу мақсатында жүргізілетін, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкіне қызмет көрсету және оны жөндеу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын адамдар іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

  • Показать изменения

16) көп балалы отбасы - бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;

  • Показать изменения

17) қайта жабдықтау - үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;  

  • Показать изменения

18) қайта жоспарлау - белгілі бір үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекараларын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарлануын өзгерту;

  • Показать изменения

19) қосымша жалдаушы - тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан  (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап;

  • Показать изменения

20) қызметтік тұрғын жай - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын жай;

  • Показать изменения

21) қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын жай - мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын жай;

  • Показать изменения

22) мемлекеттік тұрғын үй қоры -  мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын жай;

  • Показать изменения

23) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

  • Показать изменения

24) ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі);

  • Показать изменения

25) табысы аз адамдар - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай берілуіне өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар;

  • Показать изменения

26) толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы;

  • Показать изменения

27) тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);

  • Показать изменения

28) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй  бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

  • Показать изменения

29) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

  • Показать изменения

30) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты - оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін  тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;

  • Показать изменения

31)  тұрғын жайды жекешелендіру - азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

  • Показать изменения

32) тұрғын жайды қосымша жалдау шарты - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын береді;

  • Показать изменения

33) тұрғын жайдың жалпы алаңы - тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;

  • Показать изменения

34) тұрғын жайдың құны - тұрғын жайдың мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны;

  • Показать изменения

35) тұрғын жайдың пайдалы алаңы - тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

  • Показать изменения

36) тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

  • Показать изменения

37) тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

  • Показать изменения

38) тұрғын жайды реквизициялау - төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қойған тұрғын жайдың құнын не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлей отырып, меншік иесінен тұрғын жайды заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қою;

  • Показать изменения

39)  тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;

  • Показать изменения

40) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар -  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

  • Показать изменения

41) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;

  • Показать изменения

42) тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

  • Показать изменения

43) тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) - азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйге меншік құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, жекелеген жағдайларда - белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысады;

  • Показать изменения

44) тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлар;

  • Показать изменения

45) уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын жайдың меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) олардан тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғын жайда уақытша тұру құқығын берген азаматтар;

  • Показать изменения

46) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

47)  үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;

  • Показать изменения

48) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - бір (бірнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестік меншікті бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым;

  • Показать изменения

49) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің мүшесі - үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтінішінің негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің мүшелігіне қабылданған кондоминиум объектісіндегі үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі;

  • Показать изменения

50) шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жекелеген жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен берілетін жекелеген бөліктері.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттік кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлеріндегі тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүрлеп иеліктен шығаруына, осы Заңда және басқа заң актілерінде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  

  • Показать изменения

4-бап. Тұрғын үйлердi пайдалану

  • Показать изменения

1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.06.07  № 276-ІІI  ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді  

  • Показать изменения

3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келісімiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган растайды.

  • Показать изменения

Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн  Қазақстан Республикасының заңдарында   белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.

  • Показать изменения

Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде  тұрғын үй-жайлар (пәтерлер)  меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің  міндетті  жазбаша келісімі, мынадай:

  • Показать изменения

өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;

  • Показать изменения

өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда,  талап етіледі.

  • Показать изменения

Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану

  • Показать изменения

Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқару

  • Показать изменения

Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенім бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу

1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi.

  • Показать изменения

2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртібімен ғана шығаруға болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу

 

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

  • Показать изменения

2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстаудың ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

3) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

4) тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді;

  • Показать изменения

5) жекелеген коммуналдық қызмет түрлерін көрсету ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

6)  Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 10-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін, тұрғын үй көмегін беру ережелерін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсетуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 

  • Показать изменения

3) тұрғын үй қатынастары саласында бағдарламаларды және  мемлекеттік саясатты одан әрі  жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, сондай-ақ іске асырады;

  • Показать изменения

4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

5) тұрғын үй қатынастары саласында басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

7) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

9) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 10) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-3-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару  органдарының  құзыреті