Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының 9-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2011 жылғы 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 770 қаулысымен бекітілген
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы
1. Осы Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды түлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстык сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды (даушарларды) реттеу саласында кәсіпқой медиаторларды даярлауға және оларға тиісті сертификаттар беруге арналған. 2. Қағида кәсіпқой медиатор мәртебесін алу, медиатордың біліктілігін арттыру және медиацияны оқыту үшін білімнің қажетті минимумын көздейді. 3. Қағида Заңға сәйкес медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Медиаторлар ұйымы) медиаторларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуіне және бекітуіне негіз болып табылады. 4. Кәсіпқой медиаторларды даярлау осы Қағиданың талаптарына сәйкес әзірленген Медиаторлар ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|