Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Министрлер Кабинеті мен Үкіметтің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлық пен ауыратын адамдарды еріксіз емдеу және оларды медициналық-әлеуметтік оңалту мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 906 қаулысы; 3) «Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік медициналық және басқа көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 703 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|