Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қару иелерi мен оны пайдаланушылардың бастапқы дайындығын ұйымдастыру (2009.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен «Қару иелерi мен пайдаланушыларының даярлаудың оқу жоспарына түсiндiрмелер» және «Оқу жоспары» деген бөлiмдерi жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 қаулысымен «Күзетшілерді мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау жөніндегі бағдарлама, оның мазмұны мен біліктілік талаптары» деген тарау алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен тақырыбы өзгертілді Қару иелерiнiң және пайдаланушыларының бастапқы дайындығы бағдарламасына түсiндiрме жазба
Өзiн-өзi қорғауға тегiс ұңғылы қорғаныс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлердi алғаш рет сатып алушы адамдардың бастапқы дайындығы Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң жанындағы «Динамо» Орталық Кеңесiнiң арнайы дене шынықтыру дайындығы аумақтық бөлiмшелерiнің базасында жүргiзiледi. Атыс қаруының иелерi дайындығының ұзақтығы 15 сағатты, газды қару иелерi дайындығының ұзақтығы 11 сағатты құрайды. Қару иелерi дайындығының мақсаты: - атыс (ойықты, тегiс ұңғылы), газды қаруды меңгерудiң қауiпсiздiгi жөніндегі қажеттi практикалық және теориялық машықтар жинақтау; - тактикалық-техникалық сипаттама, баллистика; - қаруды қолдану тәртібі мен негiздерi жөніндегі қолданылып жүрген заңнаманы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң талаптарын және басқа да нормативтiк кесiмдердi бiлу; - қару иелерiнiң қаруды қолдануына негiз беретiн мән-жайларға дербес баға беру жөніндегі машықтарын қалыптастыру. Сабақтарды тиiстi пәндер бойынша мамандығы бар жоғары білімi бар оқытушылар мен мамандар жүргiзедi. Бастапқы дайындық жөніндегі сабақтар бекітілген жоспар және кесте бойынша жүргiзiледi. Сынақтар айына екi рет қабылданады, комиссияның құрамына аумақтық iшкi iстер органының өкiлi кiредi. Қаруды сатып алушы азаматтар (қару иелерi) «Жекелеген қару түрлерi айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабындағы 4-тармаққа сәйкес мынадай пәндер: 1. Құқықтық білім негiздерi - Қаруды сақтауға селқос қарағаны және қару иеленумен байланысты басқа да заң бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк. - Қажетті қорғаныс, аса қажеттiлiк немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде қаруды қолданудың негiздерi мен тәртібі. 2. Медициналық дайындық - Жараланған жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету. 3. Сатып алынған қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы - Баллистика. Қару мен оның оқ-дәрілерін сақтау, алып жүру мен тасымалдаудың тәртібі және қауіпсіздік шаралары. ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен тақырыбы өзгертілді Ойықты және тегiс ұңғылы қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығының (өзiн-өзi қорғау үшін) БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен тақырыбы өзгертілді Қару иелерінің және пайдаланушыларының (газды) бастапқы дайындығының БАҒДАРЛАМАСЫ
|