|
|
|
Қазақстан Республикасының (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VI Заңымен күші жойылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы 3-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттары 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ 8-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары 9-бап. Өтініш берушілерге қойылатын талаптар 11-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі 13-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттары 14-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі 15-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық қызметтер көрсету 16-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату 4-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ БАСҚАРУ 17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру 18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функциялары 18-1-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы 18-2-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері 19-бап. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеу 20-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 21-бап. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу 22-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру 23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату 5-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРеспублики ТаджикистанТАРЫ 24-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі 25-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына салық салу 26-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу 27-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар 28-бап. Алып тасталды 29-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері 29-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі; 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы - басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор; 3) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады; 4) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі - осы Заңға, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы - жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі - жоба) - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер құруды көздейтін іс-шаралар кешені; 5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға; 6) басқарушы компания - арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға; 7) «бір терезе» қағидаты - өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны; 8) инфрақұрылым объектілері - арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес және бас жоспармен бекітілген жылу және электр энергиясын өндіру мен беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері объектілері және өзге де объектілердің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері; 9) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - қызметті жүзеге асыру туралы шарт) - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушылары және арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арасында жасалатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе қатысушыларының қызмет түрлерін, осындай қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтары, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін шарт; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі - бірыңғай үйлестіру орталығы) - міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 9-2) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушысы - жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға немесе дара кәсіпкер; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 9-3) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер; 10) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері; 11) қызметтің қосалқы түрлері - арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар соның аумағында жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін қамтамасыз ету үшін қажет қызмет түрлері; 12) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар - осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар; 13) нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі - қол жеткізілмеуі арнайы экономикалық аймақты құрудың негізгі мақсатын іске асыруға мүмкіндік бермейтін, арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің экономикалық, техникалық, әлеуметтік және (немесе) өзге де көрсеткіштерінің көлемі; 14) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың басқару органына қызметтің басым немесе қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінімді беретін тұлға; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін уәкілетті орган құратын ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган; 16) уәкілетті орган - арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттары Арнайы экономикалық аймақ қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар, жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында құрылады.
2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау; 3) уәкілетті органды айқындау; 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату; 5) басқарушы компанияны құру туралы шешім қабылдау; 6) басқарушы компанияға қатысу; 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне: 1) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және басқарушы компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 3) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; 4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінімдер мен сауалнамалар нысандарын әзірлеу және бекіту; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту; 6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары ұсынатын мәліметтердің негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу; 8) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылды 8-1) сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 8-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 8-4), 8-5) тармақшалармен толықтырылды 8-4) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 8-5) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныс енгізу; 10) арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну тәртібі мен кезеңділігін айқындау; 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдау ақпаратын беру; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 12-1) жобаларды іріктеудің тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту; 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды 12-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
6-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: 1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) уәкілетті органға арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізу; 3) осы Заңда белгіленген тәртіппен басқарушы компанияға қатысу; 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін жер учаскесін беру және басқарушы компаниямен, дербес кластерлік қормен жер учаскелерін және бюджет қаражаты есебінен салынған инфрақұрылым объектілерін жалдау шарттарын жасасу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды 4-1) арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту; 4-2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау; 5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2. Астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне қосымша: 1) астананың арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуі мен оны тарату саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы экономикалық аймақтың басқару органының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 2) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларын тарту; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының есебін жүргізу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау жатады.
3-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізеді. 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орындылығын қарайды және арнайы экономикалық аймақты кұру тұжырымдамасының уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкестігін тексереді және қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша негізделген жауап жібереді. Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны сарапшылық кеңестің қарауына жіберуге тиіс, ол арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс уәкілетті органға қабылданған күннен бастап құрылады. Сарапшылық кеңестің құрамы құрылатын арнайы экономикалық аймақтың қызмет түрінің ерекшеліктері ескеріле отырып бекітіледі. Сарапшылық кеңес арнайы экономикалық аймақты құру туралы уәкілетті орган ұсыныс енгізген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды әзірлейді. 3. Уәкілетті орган тиісті шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізген тұлғаға осындай шешімді қабылдау негіздемесін жібере отырып, хабардар етеді. 4. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда: 1) арнайы экономикалық аймақты құру орынсыз болған; 2) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген; 3) ұсынылған материалдар толық немесе дұрыс болмаған; 4) ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қаупі туындаған және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларында арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныспен кейіннен қайта жүгінуге кедергі болып табылмайды. 5. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізген тұлғалар арнайы экономикалық аймақты құрудың орындылығы туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауды қамтамасыз етеді. Дайындалған техникалық-экономикалық негіздеме болжамды қаржылық-экономикалық, әлеуметтік салдарларды, арнайы экономикалық аймақты құрудың негіздемесін, орындылығын және нәтижесін бағалауды қамтуға тиіс. Техникалық-экономикалық негіздеме мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс: 1) орындылық - техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген іс-шаралардың стратегиялық құжаттарға сәйкес келуі; 2) негіздемелік - есеп-қисаптармен расталған дәлелдемелердің, іс-шараларды әрбір компонент бөлігінде іске асыруға қаржыландыру көлемінің болуы; 3) нәтижелілік - есеп-қисаптармен расталған дәлелдемелердің, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің болуы. Орталық немесе жергілікті атқарушы органдар арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізген жағдайда техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Уәкілетті орган құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Инвесторлар техникалық-экономикалық негіздеменің тәуелсіз сараптамаларын жүргізе алады. Мемлекеттік органдардың құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізуі техникалық-экономикалық негіздемені уәкілетті органға берген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзім ішінде аяқталуға тиіс. 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қоршаған ортаға әсері бағаланған арнайы экономикалық аймақ құрудың тиісті техникалық-экономикалық негіздемесінің тұжырымдамасын, сарапшылық кеңестің қорытындысын қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізеді. 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Арнайы экономикалық аймақ туралы ережені, тиісті арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларын, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылдыж 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің негіздемесін (қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды) ұсына отырып, уәкілетті органға енгізеді. Ұсынысты бірнеше заңды тұлға бірлесіп беруі мүмкін. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстың орындылығы туралы мәселені уәкілетті орган осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган: 1) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген; 2) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен; 4) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізсіз болған жағдайларда, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |