Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.23.09. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы мәслихатының 2015.23.09. № 413/57-V шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында: Қағидалардың атауында және мәтін бойынша «аббаттандыру» сөзі «абаттандыру» сөзіне ауыстырылсын. мынадай мазмұндағы 2-1, 11-1, 15-1, 17-1, 20-1, 20-2 тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Тасталған автокөлік - меншік иесі белгіленген тәртіпте бас тартқан және (немесе) 30 күннен аса жылжымайтын күйде тұрған көлік құралы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|