Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 17-20, 919-құжат жарияланған) бұйрықтың күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдеде № 264 бұйрығымен бекітілген
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ереже
1. Осы Ереже «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды. 2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды, жекеше нотариустар туралы деректерді және үй-жайдың орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында, аумақтық әділет органдарына есепке қою болып табылады. 3. Конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам аумақтық әділет органына есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша). Өтінішке мынадай құжаттар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|