«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2010.26.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнесбастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесі; 2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі; 3) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі; 4) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (бұдан әрі - ЭДСМ) және жергілікті атқарушы органдарға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде келісімдер мен шарттар жасау кезінде мынадай үлгі нысандарды басшылыққа алу ұсынылсын: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің сыйақы ставкасын субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт; 2) мыналар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|