Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2010.22.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесінде: 23-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын; 25-тармақтың екінші бөлігіндегі «, статистикалық кәртішкенің» деген сөздер алынып тасталсын. 2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: 110-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында: «көшірмелері» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын; «және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын; 112-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|