Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 442 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2011 жылғы 1 шілдедегі

№ 442 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу»
санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
 
 
1. Жалпы ережелер

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы «Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) жіті ішек инфекцияларының алдын алу және аурудың деңгейін төмендету жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және емдеу-диагностикалау іс-шараларын жүргізу тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) бактериятасымалдаушылық - аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразитарлық) аурулардың қоздырғыштарын адам немесе жануар организмінде сақтаумен және қоршаған ортаға бөлумен сипатталатын инфекциялық процестің түрі;

2) декреттелген контингент - айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша үлкен қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

3) дизентерия - көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын Shigella текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация мен түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;

4) дисбактериоз - ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;

5) иерсиниоз - интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа органдардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;

6) инкубациялық кезең - инфекция қоздырғышының организмге түскен сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыт үзіндісі;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
400 тг