Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 769 Қаулысымен күшi жойылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 806 қаулысымен бекітілген
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы
1. Осы Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағида заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі - өнім берушілердің) биоотынды (биоэтанолды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу тәртібін белгілейді. 3. Биоотынды (импортталатын биоотынды тасымалдауды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны жүргізу кезінде өнім берушілер міндетті түрде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді. 4. ІЖҚ-ні өнім беруші ақпараттық жүйе (бұдан әрі - Бағдарлама) арқылы электронды түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде ресімдейді. 5. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі: 1) ІЖҚ нөмірі (Бағдарламада автоматты түрде беріледі); 2) ресімдеу күні (Бағдарламада автоматты түрде қойылады); 3) операция коды (Бағдарламаның анықтамалығынан таңдалады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|