«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Қаржыландыру көздері мен көлемі»: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»; «Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-бөлімде: алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлімделген қажеттілікке сәйкес және республикалық бюджеттің қаржылай мүмкіндіктерін ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшін қаржыландыру лимиті айқындалатын болады.»; сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «экономикалық өсу орталықтарына көшетін Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;»; тоғызыншы бөлікте: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «аудандық (қалалық) деңгейде - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі - аудандық (қалалық) комиссиялар) және халықты жұмыспен қамту орталықтары;»; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|