Бұқаралық ақпарат құралдары туралы (2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 1-бап толықтырылды 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы; 5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттік органдар беретiн ақпарат; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткізу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым; 10) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға; 11) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзiрлеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға; 12) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 13) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу; 14) эротикалық сипаттағы өнiм - тұтас алғанда және үнемi секске әуестенушiлiктi қаузайтын баспасөз басылымы немесе теледидар радио бағдарламасы; 15) 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) ретрансляция - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау және бір мезгілде не жазып алып толық және өзгеріссіз тарату; 17) кешен - бір бірімен ортақ мақсаттарымен байланысты және бірыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы; 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 18) аккредиттеу - журналисті тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттік органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы 1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. 2. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi. 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Бұқаралық ақпарат құралын әкімшілік құқық бұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) 3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі 1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде таратылады. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етедi. 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының мемлекеттік тілдегі апталық көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс. Мемлекеттік тілдегі телевизиялық және радио бағдарламаларының әрқайсысының жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін ұзақтығы алты сағат болатын уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс. Бұл талап кабельдік, эфирлік-кабельдік телевизия желілеріне қолданылмайды.
4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары 1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу
4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу 1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін бекітеді.
4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады; 3) телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу ережесін бекітеді; 4) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радио жиіліктер номиналдарын бөлу жөніндегі ашық конкурстар өткізуді ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 6) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысын тоқтата түру туралы шешім қабылдайды; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді; 10) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады; 11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртібін айқындайды; 12) журналистерді аккредиттеу ережесін бекітеді; 13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қызметін үйлестіреді; 14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 4-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады; 2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады; 3) арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібін және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесін бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 6) уәкілетті органға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөніндегі ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді табыс етеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-5-баппен толықтырылды 4-5-бап. Мемлекеттік бақылау 1. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау мыналарды: 1) осы Заңда көзделген талаптарды сақтау жөніндегі бақылауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты бақылауды қамтиды. 3. Уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында орындалады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 5-бап толықтырылды 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Бұқаралық ақпарат құралын құруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы болады. Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн. Бұқаралық ақпарат құралдары өнімін шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға: 1) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік; 2) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия негіз болып табылады. Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды. 2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі 1. Меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі. 2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы.
7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы 1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады. 2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды 2-1. Мыналар: 1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар; 2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды. 3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. 2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс. 3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті. 4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.
9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. 2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою 1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы мен ақпарат агенттігі уәкілетті органда міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 2. Есепке қою, қайта есепке қою үшін мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі не оның уәкілеттік беруі бойынша әрекет ететін тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. 3. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалатын тәртіппен алым алынады. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы өтініш түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесіне есепке қою туралы куәлік береді не мынадай негіздер бойынша: 1) егер уәкілетті орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны туралы куәлік берген болса; 2) егер өтініштің мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтін болса; 3) егер мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны үшін алым төленбесе; 4) егер меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою туралы өтінішке мерзімді баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған үзінді көшірмесі қоса тіркелмесе; 5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты тап сондай мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі есепке қоюға мәлімделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады. 5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. Ақпарат агенттігінің меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды. Мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 6. Мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы өтініш 1. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы өтініште: 1) мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны; 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) мерзімді баспасөз басылымының, ақпарат агенттігі материалдары мен хабарларының тілі (тілдері); 3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi; 4) негiзгi тақырыптық бағыты; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) таралу аумағы; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, әкесінің аты; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) редакцияның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өтінішке: жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері; 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі. 2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезiнде өзге талаптарды алға тартуға тыйым салынады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды 12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату Таралымы: - жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын; - ресми, нормативтік және өзге де актілерді; - сот практикасының бюллетеньдерін; - кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |