Халықты жұмыспен қамту туралы (2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қараңыз: 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны; 2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім; 3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым); 4) еңбек нарығы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала; 5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу - Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi; 6) жалақыны субсидиялау - халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу; 7) жастар практикасы - жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі; 8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға; 9) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi; 10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары; 11) жұмыспен қамтылу - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі; 12) жұмыспен нәтижелi қамтылу - орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу; 13) жұмыссыздар - кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар; 14) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс; 15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi; 16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар; 17) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi; 18) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары; 19) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 20) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер; 21) уәкiлеттi орган - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi; 22) ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық; 23) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме; 24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін шетелдік жұмыс күшінің саны; 25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар); 26) экономикалық тұрғыдан енжар халық - жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Жұмыспен қамтылған халық Жұмыспен қамтылған халыққа: 1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар; 2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын; 3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын; 4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн; 5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi; 6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген; 8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары 1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi. 2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге; 2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға; 3) білім беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға; 4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге; 5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға; 6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға; 8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға; 9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға; 10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге; 11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға; 12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға; 14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге; 15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында: 1) 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға; 3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді. ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. Нысаналы топтарға: табысы аз адамдар: жиырма бip жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер; жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді; 3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді; 4) жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді; 5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді; 6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді; 7) микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітеді; 8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін бекітеді; 9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 6-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Орталық атқарушы орган 1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртібін, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде: 1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға; 2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға; 3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге; 4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысуға; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге; 7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға; 8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді 9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеуге және бекітуге; 9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге; 9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге; 9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге; 9-4) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге міндетті. 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды: 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және орындау; 2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру; 3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау; ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету; 5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу; 5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу; 5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру; ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды 5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды 5-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-6) тармақшамен толықтырылды 5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-7-) тармақшамен толықтырылды 5-7) жастар практикасын ұйымдастыру; 6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 8-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-бап. Уәкiлеттi орган 1. Уәкiлеттi органның: 1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға; 2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге; 3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге; ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап он күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға; 5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге; 6) жұмыссыздарды олардың келісімiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге; ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге; ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге; ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) 7-2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер) кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға жіберуге; 8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге; 9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға; 10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi. 2. Уәкiлеттi органның: 1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге; 2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгізуге; ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) білім беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттік органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға; ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы 1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға: 1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету; 2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту; 2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау; 3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану; |