Темір жол көлігі туралы (2011.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) Осы Заң темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 2) арнайы жылжымалы құрам - магистральдық темір жол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін темір жол көлігі құралдары; 3) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау; 4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары - әлеуметтiк мәнiн: облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі; ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; 5) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк; 6) бекіту-пломбалау құрылғылары - вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері; 7) билет кассасы - оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, темір жол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері; 8) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; 9) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер; 11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк - темір жолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк; 12) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға; 13) жолаушы агенттігі - тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға; 14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі - жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі; 15) жол дамытылымы - магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы; 16) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 17) жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк; 18) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға; 19) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк; 20) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға; 21) жүк жөнелтілімi - бір темір жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы; 22) жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені; 23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн темір жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары; 24) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; 25) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға; 26) концессия шарттары бойынша темір жолдар - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген темір жолдар; 27) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгiнiң объектiлерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген объектiлер; 28) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жол қызметтерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; 29) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар; 30) кiрме жолдар қызметтерi - тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері; 31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары - қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды темір жолдарға шығару-жинау шартында белгіленген темір жолдар; 32) қабылдау-тапсыру операциялары - жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер; 33) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер; 34) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары; 35) локомотив инфрақұрылымының объектілері - тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер; 36) локомотив инфрақұрылымының операторы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға; 37) локомотивтiк тартқыш операторы - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелік ететін, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметтерін ұсынуға уәкілетті орган берген рұқсаты бар тұлға; 38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi - темір жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; 39) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар; 40) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықтарды, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистральдық темір жол инфрақұрылымы; 41) магистральдық темір жол желісінiң қызметтерi - магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; 42) магистральдық темір жол желісінiң операторы - магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым; 43) маневрлік жұмыс - вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру; 44) пайдалану құжаттамасы - темір жол көлiгi мен жабдықтарын пайдалану тәртібін белгiлейтiн құжаттама; 45) поезд - белгіленген сигналдары, вагонсыз локомотивтері, моторлы вагондары мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамы бар, бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған тартқыш көлік құралдары (локомотивтерімен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрі түйістірілген, магистральдық темір жол желісі операторы белгілеген маршрут бойынша жүретін вагондар құрамы; 46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк; 47) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар; 48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темір жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға; 49) тасымалдау - тасымалдаушының, магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтiк тартқыш операторының, вагондар, контейнерлер операторының және тасымалдау процесiне басқа да қатысушылардың багажды, жүктердi, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін жөнелту пунктiнен жеткізу межеленген пунктке апару мақсатында орындайтын өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы; 50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi; 51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, темір жол көлiгi жүкқұжаты); 53) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы; 54) тасымалдау процесiнiң қатысушысы - темір жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға; 55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж; 56) темір жол вокзалы - халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені; 57) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар); 58) темір жол көлiгi - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi; 59) темір жол көлiгіндегі тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы; 60) темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темір жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi; 61) темір жол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 62) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт; 63) уәкiлеттi орган - темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 64) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, жылжымалы құраммен арнаулы тасымалдауларды орындайтын және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы; 65) Ұлттық темір жол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi бойынша құрылған, ұлттық басқарушы холдинг бірден бір акционерi болып табылатын, магистральдық темір жол желісін күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсететiн акционерлік қоғам; 66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.
2-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат 1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат: 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгi қызметін ұсынуға және алуға еркiн қол жеткізуi; 2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау; 3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бірыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған. 2. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты: 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) темір жол көлiгiнiң магистралдық темір жол желісін және жылжымалы құрамын дамыту; 2) тасымалдарды дамыту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) темір жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке және жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; 6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту; 7) магистралдық темір жол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау; 8) қоршаған ортаны қорғау; 9) темір жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) темір жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту болып табылады. 3. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледi.
3-бап. Темір жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi 1. Темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. 2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
5-бап. Темір жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Магистралдық темір жол желісі Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң объектiсi мемлекет меншігі болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темір жол компаниясына берiледi. 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді 2. Магистралдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн. Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темір жолдарға және темір жол көлігі объектілеріне концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі. Концессия шарттары бойынша темір жолдар және темір жол көлігінің объектілері концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық темір жол желісінің құрамына енгізілмейді.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Темір жолдарды сыныптау Темір жолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.
6-бап. Магистралдық темір жол желісі 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында сәйкес жүргiзедi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темір жол желісінiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Магистралдық темір жол желісінiң операторы магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісін пайдалануға бірдей құқық беруге мiндеттi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткізу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 4. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісін салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-1-бап. Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды 6-2-бап. Темір жол қатынастарының түрлері 1. Темір жол қатынастары мынадай түрлерге: 1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 2) жүк тасымалдау болып бөлінеді. 2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау: 1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау; 2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді. 3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау: 1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау; 2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау; 3) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақты қаламен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау болып бөлінеді. 1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау; 2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі темір жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Темір жол қатынасын тоқтату Мемлекеттік меншiк болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкіметі белгілеген тәртіппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
8-бап. Темір жол көлiгіндегі шарттар 1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi. 2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады. 3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс. |