<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.07.07. № 175-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

  • Показать изменения

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

(2011.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-Бөлім. Негізгі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-38 баптар)

(1-5 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау

(6-11 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

(12-13 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру

(14-27 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет

қызметі мемлекеттік инспекторларының құқықтық мәртебесi

(28-33 баптар)

  • Показать изменения

6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi

(34-38 баптар)

  • Показать изменения

2-Бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың қызмeтінiң ерекшеліктерi

(39-85 баптар)

  • Показать изменения

7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар

(39-43 баптар)

  • Показать изменения

8-тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер

(44-49 баптар)

  • Показать изменения

9-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар

(50-53 баптар)

  • Показать изменения

10-тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер

(54-57 баптар)

  • Показать изменения

11-тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар

(58-61 баптар)

  • Показать изменения

12-тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер

(62-63 баптар)

  • Показать изменения

13-тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерi

(64-66 баптар)

  • Показать изменения

14-тарау. Мемлекеттік табиғи қаумалдар

(67-69 баптар)

  • Показать изменения

15-тарау. Мемлекеттік қорық аймақтары

(70-73 баптар)

  • Показать изменения

16-тарау. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерi

(74-79 баптар)

  • Показать изменения

17-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтерi

(80-81 баптар)

  • Показать изменения

18-тарау. Қорытынды ережелер

(82-85 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-бөлім. Негізгі ережелер

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;

  • Показать изменения

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі - өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы;

  • Показать изменения

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі - күзету) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

  • Показать изменения

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрі - қорғау) - судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

  • Показать изменения

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;

  • Показать изменения

9) мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

10) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері (таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері);

  • Показать изменения

11) рекреациялық жүктеме - есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны;

  • Показать изменения

12) Табиғат жылнамасы - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану - табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер (табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер;

  • Показать изменения

15) экологиялық дәліз - тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі;

  • Показать изменения

16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әр түрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:

1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;

  • Показать изменения

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;

  • Показать изменения

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;

  • Показать изменения

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi

Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  • Показать изменения

2) уәкілетті орган;

  • Показать изменения

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

  • Показать изменения

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары;

  • Показать изменения

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;

6) табиғат қорғау ұйымдары;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару

  • Показать изменения

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретіне:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

  • Показать изменения

2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін иелену, пайдалану және иелік ету құқығы;

  • Показать изменения

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органды айқындау;

 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

4) мыналарды:

  • Показать изменения

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін;

  • Показать изменения

республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін;

  • Показать изменения

уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын;

  • Показать изменения

реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережелерін бекіту;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін;

  • Показать изменения

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салу конкурстарын өткізу тәртібін;

республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимінің түрін;

биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін;

  • Показать изменения

республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы беру және алып қою;

6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана уәкілетті органның үсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6-2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті органның құзыретіне:

  • Показать изменения

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

  • Показать изменения

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  • Показать изменения

3) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

4-1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) мыналарды:

  • Показать изменения

заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін;

  • Показать изменения

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін;

  • Показать изменения

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісуді;

  • Показать изменения

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын;

  • Показать изменения

республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін;

  • Показать изменения

табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарын әзірлеу ережелерін;

  • Показать изменения

табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін;

  • Показать изменения

жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін;

  • Показать изменения

республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібін;

  • Показать изменения

осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін;

  • Показать изменения

осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

7) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау;

  • Показать изменения

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

9) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің әзірленуін ұйымдастыру;

10) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

  • Показать изменения

11) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтіру іс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;

  • Показать изменения

14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;

  • Показать изменения

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

16) нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

17) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу;

  • Показать изменения

18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

19) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерінің құзыреті шегінде:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға табыс етеді;

  • Показать изменения

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негіздемелерді кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

3) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітеді, паспорттардың уәкілетті органда тіркелуін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді;

5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

  • Показать изменения

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өздерінің қарауындағы мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді және атқарушы органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органдары өз құзыреті шегінде:

1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды жергілікті бюджеттер құрамында бекітеді;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;

  • Показать изменения

2) өздерінің қарауындағы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы, соның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

  • Показать изменения

1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;