|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында 375-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «375-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу»; 2) 311-1-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің)» деген сөздер «партиялардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 374-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «дiни бiрлестіктердiң,» деген сөздер алып тасталсын; 4) 375-бап мынадай редакцияда жазылсын: «375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу 1. Мыналарға: дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге; қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға; діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға; ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу - жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердің басшыларына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты дінге көзқарасы себебі бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қайсыбір дiндi ұстанушылар тәу ететін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы - Қазақстан Республикасының азаматтарына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Діни бірлестіктің өз жарғысында (ережесiнде) көзделмеген қызметті жүзеге асыруы - лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы - жеке тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру - лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағанның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни бірлестіктің қызметіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтін шаралар қолданбауы - Қазақстан Республикасының азаматтарына - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Республиканың шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Діни бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынған қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты діни бірлестіктің өз қызметін тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы - лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 9. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының елу тоғызыншы абзацындағы «(147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздер «(147-бап)» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын: «діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (374-1, 375-баптар) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;»; 6) 730-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Кодекстiң 102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (үшінші, жетінші бөліктері), 380 (екінші бөлігі), 380-2 (екінші бөлігі), 394 (төртінші бөлігі), 396 (төртiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.». 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 182-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (жасауына) жол берілмейді.». 3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»; 2) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.». 4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат): 19-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.». 5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат): 19-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.». 6. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат): 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктер мен миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелердi қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу туралы ұсыныстар енгiзедi;». 7. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат): 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі білім алатын азаматтарға оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде бiр жоғары оқу орнын бiтiргенге дейiн;»; 5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) дiни дәрежесі бар әскерге шақырылушыларға дiни қызметi кезеңiне;». 8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 27-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) шет елдерге діни оқу орындарында оқу үшін жіберуге байланысты заңды тұлғалардың қызметі.». 9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 76-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекет меншiгiндегi және тарих пен мәдениет ескерткiшi болып табылатын ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдалануға берген жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.»; 2) 118-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қазанның 11-і № 484-IV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |