ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 392 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына 13-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару»
1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес болуын қамтиды, тіркеуші органның заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу немесе бас тарту немесе заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу мерзімін үзу туралы бұйрықты беру болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару есептік тіркеуден шығаруға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес болуын қамтиды, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы бас тарту немесе мерзімін үзу туралы бұйрықты беру болып табылады. 3. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|