Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Мемлекеттік астық инспекторы туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 17 қарашадағы № 10-1/662 бұйрығымен күші жойылды
2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Мемлекеттік астық инспекторы туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 439 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармағында «Д.Н. Айтжановқа» деген сөздері «М.Т. Өмірияевқа» деген сөздермен ауыстырылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 06-1/554 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 439 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік астық инспекторлары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік астық инспекторлары туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік астық инспекторының құқықтық мәртебесін және функцияларын анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік астық инспекторы және Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік астық инспекторлары Комитеттің мемлекеттік астық инспекторлары болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік астық инспекторы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|