«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығымен күші жойылды
2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығына (№ 7014 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 301-302 (26696) «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 21 шілдедегі № 225 (26646) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесінде: 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік тіркеуді «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі - «ҰҒТАО» АҚ) жүзеге асырады. 3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде - «ҰҒТАО» АҚ-ы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелерін алу үшін қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде «ҰҒТАО» АҚ-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|