|
|
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері (2011.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 19.01.2007 ж. № 39 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 926 (бұр.ред.қара) қаулысымен алынып тасталды 1) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 342-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 926 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулысымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді, сондай-ақ сауда қызметін дамытуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Министрліктің құрамына Сауда комитеті, Өңірлік даму комитеті, Кәсіпкерлікті дамыту комитеті ведомстволары кіреді. 2. Министрліктің негізгі міндеті: 1) стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру; 2) өңірлік даму; 3) халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу; 4) сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту; 5) ішкі сауданы реттеу және дамыту; 6) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; 7) инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік; 8) экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару; 9) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту; 10) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты. 7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі». 8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге мүмкіндігі жоқ. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1192 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, түзету, оның мониторингі мен іске асырылуын бағалау; 2) мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыру; 3) мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісу, олардың мониторингі және іске асырылуын бағалау; 4) салалық бағдарламаларды іске асыруды келісу және оның мониторингі; 5) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу; 6) өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу; 7) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіру; 8) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 9) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету; 10) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу; 11) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің мониторингі және оларды талдау; 12) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама; 13) Министрліктің құзыреті шегінде өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 14) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу, түзету, оның мониторингі және іске асырылуын бағалау; 15) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеу; 16) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу; 17) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын үйлестіру; 18) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдарымен келіссөздерде, сондай-ақ екі жақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік етуді; 19) халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; 20) сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету; 21) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 22) тарифтік квоталар қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау; 23) қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын, оның ішінде уақытша шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 24) талқылау рәсімдері бойынша өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер шығару; 25) тауарлық биржалардың қызметін мемлекеттік реттеу, сондай-ақ «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау; 26) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерінің, жыл сайынғы тексеру жоспарларының нысандарын әзірлеу және бекіту; 27) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторинг; 28) талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортын сандық шектеулерді қолданбай лицензиялау; 29) Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде тауарлар импортын және/немесе экспортын лицензиялау; 30) өз құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына рұқсат беру; 31) лицензиялық бақылау; 32) лицензиялар тізілімін жүргізу; 33) сауда өкілеттіктерінің қызметін, сондай-ақ қаржылық және кадрмен қамтамасыз етуді бақылау; 34) оларға қатысты сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан кері экспорттауға рұқсаттар беру; 35) республикалық және халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер мен сауда миссияларын өткізуге бастамашылық жасау, ұйымдастыру және қатысу; 36) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу; 37) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу; 38) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізу; 39) республиканың өңірлерінде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуына және инфрақұрылымының дамуына ықпал ету; 40) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 41) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру; 42) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау; 43) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру; 44) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарықтарына шығуы үшін жағдай жасау; 45) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылау; 46) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 47) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 48) мемлекеттік инвестицияларды, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлауды, концессиялық жобалардың мониторингін және бағалауды әдіснамалық қамтамасыз ету; 49) бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзеуге арналған бойынша инвестициялық ұсыныстарын экономикалық негіздеу жөнінде қорытындылар дайындау; 50) концессиялар саласындағы құжаттардың экономикалық сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша арнайы ұйымды тарту; 51) бюджеттік инвестициялар саласында экономикалық сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін заңды тұлғаға құжаттар жіберу; 52) концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер тізбесін қалыптастыру; 53) концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қажетті сараптамалар жүргізу; 54) орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастыру; 55) бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг және олардың іске асырылуын бағалау; 56) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 57) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 58) байланысты гранттарды тартуға өтінімдердің тізбесін қалыптастыру және байланысты гранттарды пайдалану туралы оларды бағалау нәтижелеріне негізделген жиынтық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну; 59) мемлекеттің активтерін басқару саясатын қалыптастыру; 60) мемлекеттік меншікті басқаруды талдау және бағалау; 61) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу; 62) ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компанияларды дамыту стратегияларының іске асырылуын бағалау; 63) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 64) мемлекеттік басқару органдардың қызметін функционалдық талдау; 65) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу 66) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу мен жүргізу және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 66-1) мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек; 66-2) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі; 67) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету; 68) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау; 69) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалау; 70) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу; 71) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысу; 72) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы қызметін үйлестіру; 73) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 74) мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмыс бейінін өзгерткен кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы ұсыныстар енгізу; 75) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін келісу; 75-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отыру; 75-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысын үйлестіру; 76) Министрлік құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық; 77) қолданбалы талдамалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Министрліктің құзыреті шегінде консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды, тәуелсіз сарапшыларды тарту; 78) Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді жетілдіруді ұйымдастыру; 79) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу; 80) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру. 11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға; 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдар сұратуға және алуға; 3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлікті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министр басқарады. Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады. 13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне кіретін еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді; 3) ведомствоның өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы құзыреттілігін және тәртібін айқындайды; 4) өз қызметінде оның бақылауындағы ведомство басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады; 7) ведомство актілерінің әрекетін толықтай немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады; 8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды; 9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады. 15. Министрлік аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1192 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Жауапты хатшы: 1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Министрлік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымы мен штат санын бекітеді; 5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртіптерінің сақталуын, кадр қызметі жұмысы мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды; 7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады; 8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің басшылары мен басқармаларының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынған ведомство басшысының орынбасарын тағайындауды Министрмен келіседі; 10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 11) Министрдің келісімі бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарларға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді; 12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 13) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 14) Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді; 15) Министрліктің бюджет өтінімін дайындауды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; 16) Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; 17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; 19-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды; 20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді; 21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тиісті тапсырмалар беруге; 2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар. 18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады. 19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқа болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствосының басшылары қатарынан Министр бекітеді. Министрдің орынбасарлары және жауапты хатшы лауазымдар бойынша алқа мүшелері болып табылады. 20. Министрлік қызметін қамтамасыз ететін оның қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады. 22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |