Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1333 қаулысымен бекітілген
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі
2. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау бойынша штемпель-граверлік кәсіпорындарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары берген рұқсаттар бойынша заңды және жеке тұлғалар ашады. 3. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар: 1) қарамағында штемпель-граверлік кәсіпорын бар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы қол қойған, сақтау шарттары қысқаша сипатталған рұқсат берілгені туралы қолдаухат; 2) штемпель-граверлік өндіріске жауапты және жұмысқа рұқсаты бар адамға сауалнама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|