Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1282 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын ЕурАЗЭҚ шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізу тәртібін белгілеу мақсатында, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім кедендік бақылауда тұрған тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен Кеден одағының кедендік аумағына (бұдан әрі - Кеден одағының кедендік аумағы) әкелу, осы аумақтан әкету және Кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу тәртібін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі оларды кедендік декларациялау ерекшеліктерін айқындайды.
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады: «орталық кеден органдары» - Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті - Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі; «аралас тасымалдау» - тауарларды кейіннен көліктің өзге түрлеріне қайта тиеумен тауарларды құбыржол көлігімен тасымалдау, сондай-ақ кейіннен құбыржол көлігіне қайта тиеумен тауарларды құбыржол көлігінен өзге көлікпен тасымалдау. 2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де терминдер Кеден одағының Кеден кодексінде айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|