Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Коммуналдық қалдықтарға елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтынудың қатты қалдықтары, сондай-ақ құрамы және пайда болу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады. 2. Елді мекендер үшін коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын бекітуді жергілікті өкілді органдар бес жылда кемінде бір рет не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес жүргізеді.
2. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді. 4. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|