ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (140.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар; Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5)тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (140.00-нысаны) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 6. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|