ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген. Қағидалар жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) және аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) сомаларын есептеуге және қоса есептеуге арналған жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) жасау тәртібін (бұдан әрі - Декларация) айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 6-бөлімінің 18, 19-тарауларына, 12-бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға қатысты шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, салық агенттері жасайды. Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімімен дербес әлеуметтік салық төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|