ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген
Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
1. Осы құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциздің салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (431.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімшесі немесе салық салуға байланысты объектілер бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 9-бөліміне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 21-бабына сәйкес құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырған операциялар бойынша немесе салық салуға байланысты объектілер бойынша бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынына акциз сомаларын есептеуіне арналған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес акциздің салық есептілігін (есебін) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есеп салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған Есептің (431.00-нысан) өзінен тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 6. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. Есепті жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|