Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 408/54-IV Шешімі
(2011.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2011.09.02. № 429/57-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.03. № 438/59-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.04. № 445/60-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.16.06. № 456/63-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.08. № 473/67-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.27.10. № 507/72-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астана қаласының 2011-2012 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 320 700 776,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 74 528 982,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 760 988,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 10 770 505,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 234 640 301,0 мың теңге;
2) шығындар - 269 257 817,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - (-636 968) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 636 968 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 61 107 366,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 450 360 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-9 027 439,5) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 9 027 439,5 мың теңге;
7) қарыздар түсімі - (-2 090 000,0) мың теңге;