Банкроттық туралы (2011.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен Заңның бүкіл мәтіні бойынша сөздер ауыстырылды
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткізудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі; 2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым; 3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы; 4) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге, борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар. Борышкердің таратылуы барысында төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі; 5) банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер; 6) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; 7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 8) борышкер - осы Заңда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің, борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату рәсімдерінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 9) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату; 10) дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі; 11) жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан шегерім жасатқызу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы; 12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер; 13) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор; 14) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам; 15) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшімен де, кепіл туралы келісімнің күшімен де артықшылығы жоқ кредитор; 16) конкурстық масса - борышкердің конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкі; 17) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім; 18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға; 19) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік берілген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге де адам; 20) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған іс-шаралар кешені; 21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілетін адам; 22) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады; 23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады; 24) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, оларды қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін сот енгізетін рәсім; 25) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға; 26) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1-бап. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 18.12.00 ж. № 128-II ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi 1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады. Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін. Зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгiленуi мүмкiн. Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады. 3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды. 4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы. 5. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес олардың қызметіне міндетті экологиялық аудит жүргізіледі.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды 3-бап. Банкроттықты тану 1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi. 2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi. 3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса; өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды. Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртібімен таратылуға тиiс. 6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады. 7. Сот тәртібімен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертiлдi 4-бап. Банкроттық рәсімдерді қолданудың негіздері 1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады. Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi. 2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi 5-бап. Әдейi және жалған банкроттық 1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi. 2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы. 3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті. 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертiлдi 6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану 1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда; 2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың өтініші бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. 3) 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды. 2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға дейінгі үш жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті. 3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі. 4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн. Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады. 5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурстық басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы. 6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады. ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Шартты орындаудан бас тарту 1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде: 1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе; 2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса; 3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе; 4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртібімен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды. 10.07.98 ж. № 283-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Оңалтуды және конкурстық басқарушылар 1. Оңалту рәсімін және конкурстық (таратушылық) іс жүргізуді жүзеге асыру мақсатына қол жеткізу үшін оларды жүргізу кезеңінде дәрменсіз борышкердің барлық органдары оларды басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттік оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) беріледі. Оңалтуды және конкурстық басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды. 1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оңалтуды басқарушы болып кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысы тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады. 2. Оңалтуды, конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртібі мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiк көлемi осы Заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келісіммен реттеледi. 2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады. 4. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды: 1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы; Осы тармақшаның ережесі борышкер әкімшілігінің басшысы болып табылатын лауазымды адамға қатысты, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды; 2) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде төлем қабілеті жоқ борышкердің мүлкін және істерін басқарудан шеттетілген адам; 3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам. Аталған шарт осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бес жыл бойы қолданылады; 4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері; Осы тармақшаның ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды. 5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi. 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. |