<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV Заңы (2024.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

Газ және газбен жабдықтау туралы

(2024.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері

2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

7-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

8-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі

9-бап. Ұлттық оператор

10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері

11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы

12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жобалау, салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау

13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу

4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

14-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы басым құқығы

15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы

16-бап. Ілеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу

17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізудің жалпы шарттары

  • Показать изменения

18-бап. Алып тасталды

19-бап. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану

  • Показать изменения

20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу

21-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі

5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау

23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткізу

24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу

25-бап. Тауарлық газды есепке алу

6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

26-бап. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу

27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу

27-1-бап. Сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу

28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу

29-бап. Сұйытылған мұнай газын есепке алу

7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау

32-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

33-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

34-бап. Өтпелі ережелер

35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк» деген сөздер тиісінше «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) автогаз құю станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы - тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) бөлшек саудада өткізу - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) бірыңғай техникалық дәліз - бір трасса бойымен қатар салынған, бірыңғай бағытта (көліктік лекте) тауарлық газды тасымалдауды қамтамасыз ететін магистральдық газ құбырларының (немесе учаскелерінің) және магистральдық газ құбырлары жүйелерінің (оның ішінде әртүрлі қысымдағы жүйелерінің) жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) газ - шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) газбен жабдықтау - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы - пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және оларды зақымдау мүмкіндігін болдырмау мақсатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің айналасына орнатылатын айрықша пайдалану жағдайындағы аумақ;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) газбен жабдықтау жүйесі - тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндіруге, тасымалдауға (тасуға), сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған технологиялық өзара байланысты объектілер кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) газдандыру - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өзге де объектілерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) газ жабдығы - газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік- Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газды тереңдетіп өңдеуді және өзара тиімді жағдайларда қосылған құны жоғары өнім өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл жасау нысаны;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) газ құбыры - бекітпе арматурасы бар, бір-бірімен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәріздес немесе екі фазалық күйдегі газды тасымалдауға арналған құрылыс;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) газ тарату жүйесі - газ құбырларынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден тұратын, тауарлық газды магистральдық газ құбырынан газ тұтыну жүйелеріне дейін тасымалдауға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) газ тарату ұйымы - тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) газ тасымалдау ұйымы - осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және (немесе) тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) газ толтыру пункті - сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) газ толтыру станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) газ тұтыну жүйесі - газ тарату жүйесінен тауарлық газды немесе топтық резервуарлық қондырғыдан сұйытылған мұнай газын қабылдауға, сондай-ақ оларды отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) есепке алу аспаптары - мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) жалғастырушы газ құбыры - шикі газды келісімшарттық аумақтан газ өңдеу зауытына немесе шикі газды өнеркәсіптік тұтынушыға дейін тасымалдауға не тауарлық газды газ өңдеу зауытынан магистральдық газ құбырына дейін тасымалдауға арналған газ құбыры;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23) кәсіпшілік газ құбыры - газды келісімшарттық аумақ шегінде тасымалдауға арналған газ құбыры;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, кәсіпкерлік, коммерциялық емес немесе өзге қызметті жүзеге асыру кезінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25) 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

26) көтерме саудада өткізу - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрі өткізу мақсатында ішкі нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткізу жөніндегі, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық ысыраптарға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға өткізген жағдайлардағы кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері - Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға қажетті тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газының көлемі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28) магистральдық газ құбыры - тасымалданатын газдың қысымын арттыруды және төмендетуді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше газ құбырынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден, телебасқару, байланыс құралдарынан және өзге де коммуникациялардан тұратын, тауарлық газды тасымалдауға арналған инженерлік құрылыс. Магистральдық газ құбыры объектілерінің құрамы жобалық құжаттамада және техникалық регламенттер талаптарында айқындалады;

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

28-1) мұнай-газ-химия өнімдері - химиялық процестерді жүзеге асыру арқылы көмірсутек шикізатынан алынатын және дайын өнім немесе кейіннен химиялық түрлендіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын өнім;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29) өндіруші - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30) өнеркәсіптік тұтынушы - өнеркәсіп өндірісінде отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газ сатып алатын заңды тұлға;

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

31) сұйытылған мұнай газы - жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін қоспасы;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

31-1) сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісі - көмірсутек шикізатын қабылдауға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сұйытылған мұнай газын өндіруге, сақтауға, қотаруға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуарлық паркті, сұйытылған мұнай газын автомобиль, сондай-ақ теміржол (бар болған кезде) арқылы құю эстакадаларын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

32) сұйытылған табиғи газ - құрамында метаны басым көмірсутегілердің тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

33) тасымалдау - газ құбырлары арқылы шикі немесе тауарлық газды айдаудың технологиялық процесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

34) тауарлық газ - құрамында метаны басым көмірсутегілердің газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

34-1) тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру - тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды алуды қамтамасыз ететін, көмірсутек шикізатын және (немесе) оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

35) тауарлық газ қоймасы - тауарлық газды сақтауға арналған, технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

36) топтық резервуарлық қондырғы - ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекіту және реттеу арматурасынан, газ құбыржолдарынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылысжай;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

36-1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі - тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

37) тұрмыстық тұтынушы - тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

38) тұтыну нормасы - есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық немесе сұйытылған мұнай газының орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

39) тұтынушы - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

40) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

40-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі - жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

41) ұлттық оператор - акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін компания болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

42) шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

42-1) ірі коммерциялық тұтынушы - өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторды және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыны қоспағанда, тауарлық газды өз қызметінде пайдалану үшін сатып алатын, осы Заңның 8-бабының 4-1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сай келетін заңды тұлға;

  • Показать изменения

43) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 44) тармақшамен толықтырылды

44) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы - «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген, электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заң газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Осы Заңның ережелері:

1) сұйытылған мұнай газын сыйымдылығы бір килограмнан аз баллондарда өткізу кезінде туындайтын;

2) мұнай өнімдерін өндірушілер технологиялық қажеттіліктерге өндіретін және пайдаланатын газды өндіру және оның айналымы саласындағы қатынастарға қолданылмайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) газ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілерді газдандыру басымдығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) газ және газбен жабдықтау саласындағы баға саясатының теңгерімділігі қағидаттарына негізделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлеміндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесін ұлғайту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ұлттық операторды айқындайды;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) - 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15), 16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың экспортын реттейді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешім қабылдайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) өз құзыретінің шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі - өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ оларды белгілеу қағидаларын бекітеді;


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР