Аудиторлық қызмет туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым; 2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға; 5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі; 10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп; 11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп; 12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары; 14) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. 2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады: 1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3) ішкі аудит; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру; 7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру; 8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету; 10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу; 11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету; 12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және аудиттің стандарттары 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар: тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби құзыреттілік; құпиялылық; адалдық; ұйымдардың стандарттарын сақтау; 2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Аудит және оның түрлерi 1. Аудиттің түрлері мыналар: 1) міндетті; 2) бастамашылық. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Міндетті аудитке: акционерлік қоғамдар; қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері; жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар; ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы қоры едәуір қатысатын заңды тұлғалар; жер қойнауын пайдаланушылар; банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар; қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары; астық қабылдау кәсіпорындары; сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры; инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; мақта өңдеу ұйымдары; Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары жатады. Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті. 3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды; 2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 3) тармақшамен толықтырылды 3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілетті органның құзыретi Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді; 3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды; 7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді; 8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді; 9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді; 10) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін әзірлейді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 14-1) аудиторлық ұйымдардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 15) тармақшамен толықтырылды 15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 16) тармақшамен толықтырылды 16) басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 17) тармақшамен толықтырылды 17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 18) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді 18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады. 2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады. 3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. 4, 5-тармақтардың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді 6. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды. 7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды. 8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
10-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара 10-бап. Кәсіби ұйымдар 1. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі уәкілетті орган бекіткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлікпен расталады. Аккредиттеу туралы куәліктің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші бар. 2. Кәсіби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізінде жұмыс істейді. 3. Кәсіби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларымен айқындалады. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады. Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерінің ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар. 5. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Кәсіби ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi 1. Кәсіби ұйымдар: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге; 2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттары талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге; 3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін талдауға, қорытуға және таратуға; 4) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесін білдіруге; 5) өздерінің қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға; 6) аудиторлық ұйымдардың рейтингін өткізуге және оларды мерзімді баспа басылымдарында жариялауға; 7) бухгалтерлік есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; 8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттерді, әдістемелік ұсынымдар мен мерзімді баспа басылымдарын әзірлеуге, шығаруға және таратуға; 9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтің өзге де мәселелері бойынша ұсынымдар беруге; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) сапаға жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексін бұзуға жол берген тұлғаларды кәсіби ұйымнан шығаруға; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 11) тармақшамен толықтырылды 11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы. 1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға; 3) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге; 4) Әдеп кодексін әзірлеуге және оны қабылдауға; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге; 6) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауға; 9) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
12-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара 12-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру 1. Кәсіби ұйым, егер: 1) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) бір жыл ішінде Аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (қатарынан екі реттен артық) бұзса; 5) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) уәкілетті органның ескерту жасаған себебі үш ай ішінде жойылмаса; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 7) тармақшамен толықтырылды 7) Әдеп кодексі Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады. 2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
13-бап. «Аудитор» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жіберіледі. 2. Аттестаттаудан өткен адамдар «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады. «Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа реакцияда (бұр.ред.қара) 3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
14-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Біліктілік комиссиялары 1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады. |