Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбір мәселелерi туралы (2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн. ҚР Үкіметінің 2007.27.02. № 149 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылға 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2007.27.02. № 149 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылға 31 желтоқсанға дейін мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн. Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінiң 2005 жылғы 21 шілдедегi № 761 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта: 7-тармақтың төртiншi абзацында «1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы» деген сөздер «азаматтарды тiркеу кiтабын» деген сөздермен ауыстырылсын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша алынып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесінде: 33-тармақта: екiншi абзацта «тұрғындарды есепке алу» деген сөздер «азаматтарды тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бірге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi»; төртiншi абзацта «Тұратын жерi» деген сөздердiң алдынан «Жеке тұлғаны» деген сөздермен, «тiркеуден шығаруды» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ онымен бірге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн» деген сөздермен толықтырылсын; 35-тармақта «тұрғындарды есепке алу» деген сөздер «азаматтарды тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 777 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 623 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2006.05.05. № 371 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
|