Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі; 2) сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 222-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі (будан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін белгілейді. 2. Сот-сараптама қызметі лицензиар айқындайтын жұмыстар мен қызметтердің түрлері бойынша лицензиялануға тиіс. 3. Лицензия сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғаларға беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|