|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатына қабылдануы қажет ҚР нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 44-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздерден кейін «, жобалық қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 50-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру кезiндегi облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.»; 5) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: үш жүз жетпіс алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру»; 2) 738-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етудің берілуіне орай қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылады.». 3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 99-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 137-баптың 6-тармағында «секьюритилендіру» деген сөз «секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылып, «мерзімі ішінде» деген сөздерден кейін «секьюритилендіру мәмілелерінде» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 143-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен, «компанияларына» деген сөзден кейін «секьюритилендіру мәмілелері үшін» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «зейнетақымен қамсыздандыру,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат): 1) 2-баптың 1-тармақшасының төртінші абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 8-бапта: 3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;»; 3-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;»; 8-тармақтың төртінші абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 74-1-баптың 1-1-тармағында: бірінші сөйлем «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.». 6. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «талаптары» деген сөзден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 71-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кредиторлар талаптарының тізіліміне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.»; 3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;». 7. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат): 1-баптың 6) тармақшасының төртінші абзацындағы «секьюритилендіру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат): 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 5-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «компаниясының» деген сөзден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын. 10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат): 5-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң он төртінші абзацындағы «компаниялары жатады.» деген сөздер «компаниялары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын: «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.». 11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат): 3-баптың 3) тармақшасының төртінші абзацындағы «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын. 12. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат): 1) 9-баптың 1-1-тармағындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 15-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың талаптары: 1) ұлттық басқарушы холдингке; 2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, осы арнайы қаржы компаниясының жалғыз құрылтайшысы (акционері) болып табылатын оригинатор немесе орындаушы облигациялардың эмитентіне осы тармақта қойылатын талаптарды сақтаған кезде жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясына; 3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын, оларда мемлекет тапсырыс беруші ретінде танылатын арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.». 13. «Секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат): 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы»; 2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендiрудiң құқықтық негiздерi мен шарттарын белгiлейдi, жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде талап ету құқығын берудi жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын айқындайды.»; 3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға; 2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты - активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi; 3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар; 4) базалық шарт - ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім; 5) бөлiнген активтер - жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |