Қазақстан Республикасының (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде мақтаны кепілге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) мақта тұқымы - шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынған мақта ұрығы; 3) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған мақта иесі; қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 4) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейін қалған тұқымның талшықты қабығы; 5) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы; 6) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) мақта қабылдау пункті - шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат; 8) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға; 9) мақта қолхаты - шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшін мақта өңдеу ұйымы беретін қосарлы қойма куәлігі; 10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 11) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар; 12) мақта нарығының мониторингі - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы; 14) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға; 15) мақта саласын дамыту жүйесіндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) мақта тазалау зауыты - шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат; 17) мақта шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының мақта өндіру жөніндегі саласы; 18) мамандандырылған ауыспалы мақта егісі - бір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің жер пайдалану аумағындағы егістік жердің құрылымында мақтаның үлесі жетпіс проценттен аспайтын жағдайда, өсімдіктер аурулары мен зиянкестердің жиналуына кедергі болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шитті мақтаның өнімділігі мен сапасын арттыруға әсер ететін, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негізделген кезектестіріліп егілуі; 19) өңдеу шарты - шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызмет көрсетудің жария шарты; 20) сақтау шарты - шитті мақтаны сақтаудың жария шарты; 21) сарапшы ұйым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 22) мақта талшығы - шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынатын негізгі өнім; 23) мақта талшығы бумасы - стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу нәтижесінде алынған мақта талшығының ерекше әдіспен нығыздалған белгілі бір көлемі; 24) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені; 25) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 26) шитті мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық; 27) шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдері - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар); 28) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеуді қамтитын шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені; 29) шитті мақта өндірісі - шитті мақта өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені; 30) шитті мақтаны сақтау - шитті мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөніндегі технологиялық операциялар кешені; 31) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны қабылдау, сақтау, тазалау және беру; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет.
2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу
3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде мақта саласын дамыту, мақтаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары Мақта саласын мемлекеттік реттеу: 1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау; 2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту; 3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру; 4) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін бақылау; 5) техникалық реттеу; 6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау; 7) мақта нарығының мониторингі; 8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі; 9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру; 2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру: тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру; мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, топырақты мелиорациялау, оның құнарлылығын сақтау мен арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу; шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу; шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқаптардың құрылымын оңтайландыру және мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу; мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу; зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу; мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын субсидиялау; шитті мақтаның сапасын сараптаудың құнын субсидиялау; 3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу; 4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру; 5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету; 6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау; 7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру; 9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу; 2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 3) сақтау және өңдеу шарттарының үлгі нысандарын бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) мыналарды: шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін; мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерін; мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін бекіту; мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын; шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын; мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын; мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту. 5) сарапшы ұйымды айқындау; 6) сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 7) мақта саласын дамыту саласындағы техникалық регламенттерді бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) мыналарды: шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын; шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгісін); мақта талшығының сапасы паспортының нысандарын (үлгісін) бекіту; 10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара.); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне: 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруды қамтамасыз ету; 2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды қамтамасыз ету және олардың мөлшерлік-сапалық жай-күйін бақылау; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу; 4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту; 5) мыналарға: шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке; сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) мыналарды: шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін; шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін); мақта талшығы сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу; 7) мақта нарығы мониторингін жүргізу; 8) мыналарды: мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын; аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін; сарапшылық ұйымның қызметін бақылау; 9) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру; 10) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру; 11) мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау; 12) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою; 13) осы Заңның 33-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу; 14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындап, енгізу; 15) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін әзірлеу; 17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) мыналардың: шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерінің; мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы туралы паспортты беру ережелерінің; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерінің; мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерінің; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерінің; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерінің; мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларының; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларының; мақта өндеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының; шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларының; мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларының; мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларының жобаларын әзірлеу; 19) мақта өңдеу ұйымдарының: мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу; мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылау; 20) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылау; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді 21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау; 3) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес мақта нарығы мониторингін жүргізуге қатысу; 4) мақта егілетін аймақтарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу; 5) мақта өңдеу ұйымдарына: мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес бекітілген кестелер негізінде мақта өңдеу ұйымдарын біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі нысанасына жыл сайынғы жоспарлы тексеруді; белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау жасау; 6) уәкілетті органға: мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы ұсыныстар; мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беру туралы ұсыныстар; стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 7) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде тоқтата тұру, сондай-ақ шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру; 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. 2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтiруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады. 3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау: 1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен қайта өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды; 2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды. 4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау 1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады. 2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы. 3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады. |