2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Алматы қаласы әкімінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 1 шешімімен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және бұрын әскери тіркеуден өтпеген жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене бітімінің даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылуға алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Алматы қаласы Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін. 2. Алматы қаласы аудандарының әкімдері: 1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін; 2) тіркеу мерзімінде Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 10 техникалық қызметкерді және Жетісу мен Медеу аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 8 техникалық қызметкерді бөлсін; 3) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын берсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|