Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2002.20.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің жедел басқару құқығында «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып мыналар белгіленсін: 1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету; 2) ақпаратты қорғау саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. 4. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен алынып тасталды 5. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен алынып тасталды 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|