|
Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) жылына екі рет, 1 қаңтарға және 1 шілдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жылына екі рет, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1404 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|
||||||||||||||||||||||||||||||||