Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 мамырдағы
№ 638 қаулысымен
бекітілген
Биржалық тауарлардың тізбесі
Р/с № | Тауарлар | Тауарлардың атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мұнай және мұнай өнімдері | Шикі мұнай | 2709 00 900 0 |
Жеңіл дистилляттар (бензин) | 2710 11, 2710 11 110 0- 2710 11 900 0 |
Ауыр дистилляттар (мазут) | 2710 19 610 0- 2710 19 690 0 |
2 | Мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутектер | Сұйытылған газ | 2711 11 000 0- 2711 19 000 0 |
Табиғи газ | 2711 21 000 0 |
3 | Түсті металдар | Мыс | 7402 00 000 0, 7403 11 000 0- 7403 29 000 0 |
Қорғасын | 7801 10 000 0- 7801 99 990 0 |
Мырыш | 7901 11 000 0- 7901 20 000 |
Алюминий | 7601 10 000 0- 7601 20 990 0 |
4 | Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған прокат | Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған прокат | 7208-7212 |
5 | Бағалы металдар | Алтын | 7108 11 000 0, 7108 12 000 0, 7108 13 100 0- 7108 20 000 0 |
Күміс | 7106 10 000 0, 7106 91 100 0, 7106 91 900 0, 7106 92 200 0, 7106 92 800 0 |
6 | Бидай және меслин | Бидай және меслин | 1001 10 000 0, 1001 90 100 0, 1001 90 91 00, 1001 90 990 0 |
7 | Арпа | Арпа | 1003 00 100 0, 1003 00 900 0 |
8 | Күріш | Күріш | 1006 10 100 0- 1006 10 980 0 |
9 | Қант | Қант | 1701 |
10 | Мақта | Мақта талшығы | 5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0 |
11 | Ірі қара мал терісі | Ірі қара мал терісі | 4101 20 100 0- 4101 20 900 0, 4101 50 100 0- 4101 50 900 0 |