Астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1675 қаулысымен бекітілген
Астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы астық сапасының сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды анықтайды. 2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері; 2) астық партиясы - атауы (түрі) бір, сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге және (немесе) сақтауға арналған, астық сапасы туралы бір құжатпен рәсімделген астық мөлшері; 3) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 4) астық сапасын сараптау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынауды, астық сапасы паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|