ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (2016.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді. Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2013.08.05. № 467 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.08.10. № 1065 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.03. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) бизнес-көшіп келуші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келуші; 2) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|